«Сені тұсаулап, жабайы мысықтан нәзік жануар жасауға жаратылғанмын...»Бүгін, 14 маусымда Құрманғазы атындағы мәдениет үйінде Шекспирдің «Асауға тұсау» комедиясы бойынша спектакльдің премьерасы болады. Барлық рөлдерді атыраулық жоғарғы сынып оқушылары мен студенттері ағылшын тілінде ойнайды.
- Бейімделген сценарийді көркемдік жетекшіміз Нэйтон ФЛАМИНГ жазды, ал режиссерлікті өз қолыма алдым, - дейді 17 жасар Карина ИВАНОВА. Айта кетсек, ол басты рөлдердің бірі – қыңыр Катаринаның бейнесін сомдайды.
Қойылымға барлығы 17 адам қатыстырылған, олардың барлығы да ағылшын тілін игерген. Жастардың жақсы спектакль қою идеясына беріліп кеткендіктері соншалық, айларға созылған дайындықтар барысында өз кейіпкерлері образына еніп кеткен.
Кәсіпкер верондық Петруччоның рөлін ойнайтын Айбек ЖАНҒАЛИЕВ өз персонажына шынымен-ақ ұқсап тұр. Менің фотокамерам алдында өзін-өзі ұстауы бұған айғақ. Ал Катарина болса, яғни, осы рөлді сомдайтын Карина дайындықты сенімділікпен жүргізуде. Өз труппасында беделі бар екені көрініп-ақ тұр.
Премьера алдындағы бас дайындық- Басында қорқынышты болды, - дейді ол.– Дегенмен де Шекспир ғой. Алайда мен тәуекелге бел будым. Режиссерлік қызметті өзіме алам деген шешімімді балалар қуана қарсы алды. Олардың барлығы да бәрін түсінетін, талантты жандар, біз осы уақытта етене достасып кеттік.
Өткен жылы жас әртістер Шекспирдің «Ромео мен Джульетта» драммасымен сахнаға шыққан. Қойылым сәтті өтті, бес күн бойы залда бос орын болмады.
- Көрермендеріңіз кімдер?
- Бірінші кезекте, ағылшын тілін оқып жүрген немесе білетін адамдар. Шетелдіктер де көп келеді. Қызықтап та келетіндер бар.
Спектакль сағат 19-да басталады. Билет құны – 500 теңге.
Анастасия ПАСТУХОВА
Суретті түсірген автор