Атырау, 24 желтоқсан 04:42
 бұлттыВ Атырау -3
$ 523.72
€ 544.09
₽ 5.20

Құлсарыда ондаған тұрғын өтемақы талап етіп, алаңға шықты

Сурет Бейнежазба
832 просмотра
Тікелей эфирден скриншот

Құлсарыда су тасқынынан зардап шеккен тұрғындар орталық алаңға жиналды - олар зардар шеккен баспананың шаршы метрі үшін 400 мың теңгеден төлем талап етуде. Ондаған адам талабы орындалғанша, бұл жерден кетпейміз дейді.

Белгілі болғандай, көпшілігі баспаналарын техникалық тексеруден өткізіп, қорытындысын алған. Олардың арасында үйлеріне мамандар келмегендер де бар. Құлсарындықтардың тағы бір талабы – бағалау мәселесін бір апта ішінде шешіп, сол мерзімде ағымдағы шоттарға аудару.

Жиналғандардың бірі Жазира ҚҰЛМҰХАНОВА үш баласымен туыстарының үйінде тұрудан шаршағанын айтады. Ол бұл мәселені тез арада шешуді талап етеді. Оның сөзінше, Құлсарыдан енді жаңа үй ала алмайды, өйткені ол тұрған қаладағы жаңа ықшам аудандардың біріндегі барлық үйді су басқан.

Оларға жер телімдері үш жылдың ішінде игеру шартымен берілгені белгілі. Жиналғандар арасында су тасқыны келгенше жаңа үйлеріне бірнеше күн ғана тұрғандар да болды. Тұрғындардың бәрі Тоқаевқа жүгінсек, Қазақстан президенті жанайқайымызды естіп, бұл мәселені жеке бақылауына алуы керек деп отыр.

Тағы бір тұрғын Толқын ҚОЖАХМЕТОВА 369 мың теңге көлеміндегі бір рет берілетін материалдық көмек есебінен сарай жалдап отырғанын айтты. Алайда, мұндай жағдайдың қанша уақытқа созылатыны белгісіз екеніне налып, мәселенің тезірек шешілуін сұрады.

- Ұлды ұяға, қызды қияға қондырдық. Қартайғанда енді рахат өмір сүреміз дегенде мынау аяқастынан... Енді қалай өмір сүреміз деп басымызды қатырып жүрміз! Мұнай үстінде отырмыз өзіміз осы тұрғанда. Тұрғын үй алаңына қарай 1 шаршы метрге 400 мың теңге төленсін. Үйлерді қалай салуды және қайда тұруды өзіміз шешеміз, - деді Қожахметова.

Тұрғындар алдына аудан әкімі Жұмабек ҚАРАЖАНОВ пен оның орынбасарлары Гүлнафиз АЙШУАҚОВА мен Нұрболат САРМАНОВ шықты.

– Әкім бағалау 15 мамырдан кейін шығады деп уәде берді, бірақ бұрын 2 мамыр деген еді. Біз бұдан былай күте алмаймыз! – деп айқайлады тұрғындар.

Қала басшылығы тұрғындарға бағалаушылар жақын арада барады, баспана үшін барлық өтемақы төленеді деп уәде берді. Алайда тұрғындар жиналған алаңнан кетуге ниетті емес.

ТОЛЫҚТЫРЫЛДЫ

Жиналған тұрғындар аудан әкімі Жұмабек Қаражановтың өтініші мен берген уәделерінен кейін түнгі сағат 2-лер шамасында тарап кетті. Оларға үйлерді бағалау бойынша 15 мамырда есеп беруге уәде беріп, осы күнге дейін күтуді сұрады.

Айнұр САПАРОВА


3 мамыр, 13:20

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.