Атырау, 23 қараша 12:10
 ашықВ Атырау +2
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Ердоған: Билікте қалуым сайлауда анықталады

1 599 просмотра
Режеп Тайып Ердоғанның жақтастары. Фото: Umit Bektas / ReutersРежеп Тайып Ердоғанның жақтастары. Фото: Umit Bektas / ReutersТүркия премьер-министрі Режеп Тайып Ердоған елдегі наразылық шерулеріне деген төзімінің шегі барын мәлімдеп, тәртіпсіздіктерді осыдан алты жыл бұрын армияның өзінен билікті тартып алу әрекетімен салыстырды.  

Мыңдаған адам Стамбулдағы Таксим алаңында үкіметке қарсы әлі наразылық танытып тұр. Шерулердің басталғанына осымен 11 күн болады.

Адана қаласында сөйлеген Ердоған билікте қалу-қалмауын көшедегі наразылық шерулері емес, сайлау шешетінін айтты. Ол бұған дейін наразылық танытушылардың ішінде "экстремистік элементтер бар" деген еді.

Анкарада полиция демонстранттарға су шашып, көзден жас ағызатын газ қолданып жатыр.

Мамырдың соңында басталған наразылық шерулерінде барлығы 4 адам қаза тауып, 5 мыңға тарта адам жараланды. Қарсылық шерулері елдің 78 қаласында өтіп жатыр. 31 мамырда Стамбулдағы Таксим алаңына шығып, қала орталығындағы саябақтың орнына тарихи ғимаратты қалпына келтіру туралы билік жоспарына қарсылық білдірген жүздеген адамды полиция көзден жас ағызатын газбен атқылап қуып таратқан. Бұдан соң Стамбул, Анкара және Измир қалаларында мыңдаған адам жаппай наразылық акцияларын өткізді. Бұл шерулерде үкіметке саяси талаптар да қойылды.
 
Дереккөз: azattyq.org
10 маусым 2013, 17:28

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.