Қоқыс контейнеріне еш өкінішсіз жөнелтілетін заттардан атыраулық оқушылар көптеген әдемі бұйымдар жасады. Күнделікті қалдықтар «Халықты экологиялық тәрбиелеу» бағдарламасының аясында «Ақ Желкен» шығармашылық орталығында өткен көрменің арқасында екінші өмірге ие болды.
Көрмеге 700 қолдан жасалған бұйымымен 500 қалалық оқушы қатысты. Дизайнерлік шешімдердің алуан түрлілігі мен көптігіне көз сүрінеді. Целлофан дорбалардан жасалған киімдер топтамасы, кәмпит қағаздарының композициясы, бір рет қолданылатын тостағандардан жасалған люстра, пластикалық бөтелкелерден жасалған вазалар, картон мен сіріңкелерден жасалған үйлер, тиын жинағыш, қобдишалар, жануарлардың мүсіндері – бәрін атап шығу мүмкін емес. Көптеген бұйымдарды тұрмыста қолдануға да болады. Мәселен, пластмасса қақпақтардан жасалған кілемшені кіреберіс есіктің алдына іліп қойса, жақсы көрініп тұрар еді.
Құрамына табиғи ресурстар мен табиғат пайдалануды реттеу басқармасының, білім беру басқармасының және жас натуралистер станциясының өкілдері кіретін комиссия көрме аяқталған соң үздік ойлап табушылардың атын атайды. Қалай болғанда да, ешбір экспонат қоқысқа кері тасталмайды – барлығы балалар мекемелеріне берілетін болады.
Тамара СУХОМЛИНОВА