Атырау, 22 желтоқсан 22:57
 ашықВ Атырау -2
$ 523.86
€ 544.34
₽ 5.11

Жұмыс бабы: "әкім орынбасары" көлік сату орталығында не істеп жүр

607 просмотра

Әлеуметтік желіде «Атырау қаласы әкімінің орынбасары Тойота орталығында көлік қарап жүр» деген бейнежазба тарады.  Видео авторының пікірінше, жалпы әкімдік қызметкерлерін қазіргі уақытта көлік сатып алу емес, алдағы су тасқыны ғана алаңдатуы керек.

Видео авторының жергілікті блогер екені белгілі болды. Ол кадр сыртында әкімдік қызметкерінің 013 РК 06 мемлекеттік нөмірлі автокөлікпен келгенін айтып, Тойота орталығында жүргенін түсіріп, қызметкерден не істеп жүргенін сұрайды. Қызметкер «жұмыста жүрмін» деп жауап береді.  Кейін видео тарағаннан кейін Атырау қаласы әкімдігі комментарий берді.

- Атырау қаласы әкімдігінің қызметкері әкімдік балансындағы «Toyota» маркалы көліктерін жөндеуден өткізу мақсатында ресми дилерден қосалқы бөлшектердің бағасын біліп, тапсырыс беруге барған, - деді қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі. 

Келесі күні блогер әкімдік қызметкерінен осы жағдайға қатысты кешірім сұрады.

Нұрбейбіт НҰҒЫМАНОВ

9 сәуір, 00:45

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.