Атырау, 8 мамыр 06:29
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +18
$ 439.43
€ 473.31
₽ 4.82

Кеміргіштермен кім күреспек?

3 380 просмотра

Қыс басталғанда қала тұрғындары подъездері мен үйлерінен шақырылмаған қонақтармен – егеуқұйрықтармен, тышқандармен жиі ұшырасып қалып жатады. Мұндай кездесулердің қалай аяқталатыны баршаға аян, алайда кеміргіштермен кімдердің күресулері тиіс екендігі түсініксіз.

«Қыста қараңғылық ерте түседі. Кешкі сағат алты жарымда мектептен келетін ұлымның алдынан шығу үшін үйден шықтым. Подъезд іші қараңғы болған соң қол шамын ала шықққан едім. Шамды қосып қалғанда қорқып кеттім, аяғымның астынан баспалдақтың бойымен төмен қарай егеуқұйрық зып берді. Екі қабат төменгі алаңда жарық жанып тұрды, жарыққа шығып қалған егеуқұйрық ерсілі-қарсылы жүгіріп, содан соң өліп қалғандай сыңай танытты. Бойымды үрей билеп кетті, қараңғыда кеміргіш пәтерге жылт етіп кіріп кетуі немесе подъезде кішкентай балаға шабуыл жасауы мүмкін ғой», - деп әңгімелейді 4-ші ықшамаудандағы №9 үй тұрғыны Әсем. Азаттық даңғылында тұратын Владимир де оның сөзін қолдады. Таяуда подъезде еркін сейілдеп жүрген тышқандар оның жүкті әйелін есінен тандыра жаздапты. Көп қабатты үй тұрғындары ПИК-тің жертөледегі кеміргіштерді жою шараларын алуға тиіс екендігіне сенімді. Ал пәтер иелерінің кооперативі өкілдерінің пікірлері өзгеше. «ММ-19» ПИК төрайымы Жәмила СИСЕНҒАЛИЕВАНЫҢ айтуынша, көп қабатты үйлерге кеміргіштер шынымен де қаптап кеткен екен. Бұл проблема тек Авангардта ғана емес, қаланың барлық аудандарында дерлік, соның ішінде орталықта та бар, әсіресе соңғы екі жылда бұл өзекті мәселе боп отыр. ПИК басшылары бұл туралы әкімдіктегі жоспарлама кезінде әлденеше рет айтып, хат та жазған, алайда әзірге одан нәтиже жоқ. «Билік ақшаны тек жертөлені масалардан өңдеуге ғана бөліп отыр, ал кеміргіштерді құртуға қаржы жоқ. Ең қиын мәселе мынада – қаланың барлық аудандарын қатарынан бір уақытта өңдеу қажет, әйтпесе еш пайдасы жоқ. Кеміргіштер өңделген ауданнан екінші орынға қашып кетеді, содан соң ештеңе болмағандай қайта келеді», - деп сенімді түрде айтты Ж.Сисенғалиева. Екінші бір маңызды мәселе – ПИК төрағаларының пікірінше, қоқыс алаңқайлары мен контейнерлерді өңдеу. Бұлар қоқыстағы тамақ қалдықтарын жеу үшін кеміргіштер шоғырланатын сүйікті орынға айналған. Оның үстіне, биылғы жылы қоғамдық тамақтану нүктелерінің көбеюіне байланысты тамақ қалдықтары анағұрлым көп жиналған. Бұрын қаланың халық көп шоғырланған аудандарындағы қоқыстарды жинау технологиясы басқаша болатын. Күніне екі рет белгілі бір уақытта қоқыс контейнерін тиеген машина келіп, жақын маңдағы үй тұрғындары қоқыстарын шығаратын. Содан соң машина қоқстарды тиеп кететін еді.

«Облыстық коммуналдық шаруашылық бөлімінің қарамағында болған кезде осынау «көшпелі» қоқыс контейнерлері үнемі химиялық өңдеуден және дезинфекциялық өңдеуден өткізіліп тұратын. Қазіргі кезде «Арнаулы автобаза» алаңдарды да, контейнерлерді де өңдеуден өткізбейді. Соңғы он жыл ішінде қоқыс контейнерлері кеміргіштердің тамақтанатын астауына айналып, үнемі алаңдарда тұратын болды», - дейді Ж.Сисенғалиева.

ПИК-тің мұндай ұстанымы «Арнаулы автобаза» директоры Дулат ТҰРҒАМБАЕВТЫ таң қалдырды. «Бұған біздің қатысымыз қандай? Қоқыс алаңдары мен контейнерлер ПИК-тің ауласында тұр. Оны олар қалай, қанша өңдеймін десе де еріктерінде. Бірақ бұдан пайда болады деп ойламаймын. Контейнерді өңдегеннен кейін бір минуттан соң қайтадан қоқыс төгіледі», - дейді ол.

«Атырау облыстық дезинфекция» ЖШС директорының орынбасары Александр ДУМЛЕРДІҢ пікірінше, Атырау кеміргіштерді жаппай құртуға мұқтаж болып отыр. Жалпы бұл операцияны жылына екі рет – көктемде және күзде өткізу қажет. Ал іс жүзінде қаланы кең ауқымда өңдеу жеті жыл бұрын жүргізілген. Қансорғыштармен күрес жөніндегі республикалық бағдарлама аясында қалалық билік жертөлелер мен ашық алаңқайларды масалардан өңдеуге қаржы бөліп отыр. Ал кеміргіштерді құртуға қатысты мәселе кенжелеп қалған. Дегенмен, А.Думлер бұл мәселеде ПИК-тің қулық жасап отырғандығына сенімді. Олардың көпшілігі тарифке кеміргіштерді жою қызметін енгізеді, ал іс жүзінде дезинфекция қызметкерлерін санаулы бөлігі ғана шақырады. «Мәселен, «Бәйтерек алаңы» ПИК-і біздің қызметімізді пайдаланады және ол жақсы нәтижелерге қол жеткізіп отыр. Қалғандары шығынданғылары келмейді, сондықтан да олар жергілікті өңдеудің тиімсіздігі туралы желеуді алға тартып, қаржыландыру проблемасын қалалық билік шешеді деп күтуде», - деп есептейді Александр Думлер.

Бұл күтудің немен аяқталарын тіпті ойлаудың өзі де қорқынышты. Атырау тарихында егеуқұйрықтардың кішкентай балаларға шабуыл жасап, олардың бет-ауыздарын жеп-қойған оқиғалар болған еді.

Зульфия ИСКАЛИЕВА

8 желтоқсан 2010, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.