Атырау, 25 қараша 08:24
 ашықВ Атырау +4
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Апатты үй: атыраулықтардың баспана мәселесі қалай шешіледі

Бейнежазба
1 114 просмотра

Апатты үй атыраулық азаматтардың есін алды. Қазығы 1950 жылдары салынған екі қабатты тұрғын үйде тұратындар басқа баратын жер болмағандықтан, амалдауға тура келетінін айтып, мұң шақты, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі. 

Қала тұрғыны Серік Мұстафин адам шошырлық баспанада 30 жылдан бері тұрып келеді. Осыдан екі апта бұрын үйінің төбесі опырылып, бір өлімнен аман қалған оның айтуынша, үй ішінде жүріп-тұру мүмкін емес. Өйткені ас бөлмедегі қабырға құлауға шақ, ал жатын бөлменің терезесі ашық-шашық, едені шөгілген. Зейнеткер «топан су басса, үйдің астында қалып қоямыз ба?» деген қорқынышпен өмір сүріп отыр.

– Үйге кіруге қорқамыз. Қалай қорықпайсың? Төбесі опырылып түсті, кафель құлады. Ауру болдым, тездетіп көшіруді талап етеміз. Үйге көп кірмеймін, – деді қала тұрғыны Серік Мұстафин.

Қазір Серік сияқты 10-ға жуық отбасы жанын шүберекке түйіп отыр. Әкімдіктегілер мәселені білсе де, шырпы басын сындырмапты. Кондоминиум заңына сәйкес, жеке тұрғын үй болған соң, ешқандай көмек көрсетілмейтін көрінеді. Ал баспаналы болу бақыты бүгін, ертең бұйырмайды. Себебі барлық үй иесі келісім бермей, заңға сәйкес үй де табысталмайтын көрінеді.

– 1945 жылы салынған пәтер 2023 жылы «апатты» деп танылған. Осы 8 пәтердің 6 тұрғыны келісіп, екеуі келіспей отыр. Алайда тұрғын үй қатынастары туралы заңының 67-бабына сәйкес, авариялық тәртіппен үй көшіріледі делінген. Бұл Үкіметтің балансындағы пәтерлер емес, бюджет есебінен жөндеу жұмысы жүргізілмейді, – деді қалалық тұрғын үй секторының меңгерушісі Нұржан Саясат.

Қазір аймақта 22 мың азамат пәтер кезегінде тұр. Жауаптылардың айтуынша, үй беру мәселесі заңға сәйкес кезең-кезеңімен жүзеге асады. Ал баспаналары «апатты» деп танылған бұл азаматтарға әзірге күте тұрудан басқа амал жоқ.


6 наурыз, 01:02

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.