Атырау, 5 мамыр 09:02
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +15
$ 441.66
€ 475.14
₽ 4.86

Бишімбаев соты: Аймағамбетов экс-министрді жақтағандарға пікір білдірді

445 просмотра
Ашық дереккөзден алынған сурет

Мәжіліс депутаты Асхат Аймағамбетов әйелін өлтірді деген күдікке ілінген экс-министр Қуандық Бишімбаевтың ісіне қатысты ойын айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Журналистер депутат Асхат Аймағамбетовтен әлеуметтік желілерде Бишімбаевты қорғап жатқан блогердің әрекетіне қатысты ойын сұрады.

Ең алдымен, бұл - өте үлкен трагедия. Екіншіден, менің ойымша, бұл жерде соттың, заңның үстемдігі болуы керек. Біз соттың ісіне араласпауымыз керек. Бұл сұрақ Мемлекет басшысының тікелей бақылауында болғандықтан, әділетті сот өтіп, кінәлі азамат өз жазасын алады деп сенемін. Сондықтан бұл мәселе бойынша, мысалы, қорғау - ойға қонымсыз. Мұндай мәселелерді қоғам болып қорғамай, дұрыс позицияны сақтауымыз керек. Ең бастысы, бізде заң бар. Сот болады, сотта барлық факті айтылады. Сот шешім қабылдайды, - деді депутат.

Аймағамбетов бұл іс Президенттің бақылауында екенін айтып, әділетті шешім болатынына сенім білдірді.

Барлық фактіні көріп отырмыз. Өйткені бұл үлкен резонанс тудырған мәселе. Фактілерді, видеоларды, анықтамаларды көргеннен кейін азаматтарымызда нақты позиция қалыптасты деуге болады. Енді соттың шешімін күту керек. Сот әділ болады деп сенемін, - деп ойын айтты Аймағамбетов кулуарда.

Депутаттың сөзінше, еліміздің заңнамасына сәйкес егер алқа билері соты заңсыз шешім қабылдайтын болса, ол шешімді қайта қарап, заңдылықты орнатуға мүмкіндік бар.

Еске салсақ, экс-министр Қуандық Бишімбаев жұбайын өлтірді деген күдікке ілінді. 26 ақпанда Бишімбаевтың ісі сотқа түскені белгілі болды.

28 ақпан, 16:04

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.