Атырау, 24 қыркүйек 14:12
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +17
$ 480.50
€ 534.22
₽ 5.18

Жол жүру ережелері қатаңдатылып, жаңа айыппұлдар енгізілді

464 просмотра
фото: freepik.com

28 ақпанда палатаның жалпы отырысында Мәжіліс депутаттары автомобиль жолдары мен жол құрылыстарын күтіп ұстауға байланысты құқық бұзушылықтар үшін жауапкершілікті белгілейтін заң жобасын қабылдады.  

Заң жобасы шағын электрлі және көлік құралдарының жекелеген түрлерін тіркеу мен пайдалануды құқықтық реттеуге, жол қозғалысы қауіпсіздігін цифрландыруға бағытталған, деп жазады inbusiness.kz тілшісі.

Депутат Нұртай Сабильянов "Жол жүрісі туралы" Қазақстан Республикасының Заңына көлік құралдарының жекелеген түрлерінің қозғалысын ұйымдастыру және жол қозғалысы қауіпсіздігін цифрландыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасын Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекске ілеспе өзгерістермен таныстырды.

"Заң жобасы шағын электрлі және көлік құралдарының жекелеген түрлерін тіркеу мен пайдалануды құқықтық реттеуге, жол қозғалысы қауіпсіздігін цифрландыруға бағытталған. Сондай-ақ, жолдар мен жол құрылыстарын күтіп ұстауға байланысты құқық бұзушылықтар үшін көлік құралының рұқсат етілген жылдамдығын айтарлықтай асырған тұлғалардың жауапкершілігін қарастыру ұсынылады", - деді ол.

28 ақпан, 12:07

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.