Атырау, 22 желтоқсан 16:18
 бұлыңғыр боладыВ Атырау 0
$ 517.66
€ 606.49
₽ 6.44

Қазақстан мен Қатар әскери ынтымақтастық туралы келісімді ратификациялайды

531 рет қаралды
Иллюстрациялық фото

Үкімет Парламентке Қатар мемлекетімен әскери ынтымақтастық туралы заңды ратификациялауды ұсынды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Заң жобасын талқылау Ашық НҚА порталына шығарылды.

Екі елдің әскери саласындағы ынтымақтастық төмендегідей бағыттарда жүргізілмек:

  • әскери білім  және әскери қызметшілерді даярлау;
  • әскери медицина;
  • әскери ғылым;
  • әскери саладағы мәдени және спорттық іс-шаралар;
  • бейбітшілікті қолдау жөніндегі операцияларға байланысты мәселелер бойынша консультациялар;
  • жауынгерлік даярлық;
  • тараптар өзара келіскен ынтымақтастықтың өзге де салалары.

Айта кетсек, Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қатар Мемлекетінің Үкіметі2023 жылғы 12 желтоқсанда Дохада әскери ынтымақтастық туралы келісімге келген болатын.

27 ақпан 2024, 09:47

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.