Атырау, 3 мамыр 07:07
 ашықВ Атырау +18
$ 443.37
€ 474.49
₽ 4.83

Қарақшылық жасаған күдіктіні полиция ​​Қостанай облысында​ ұстады

413 просмотра

Қостанай облысында полиция қарақшылық жасаған күдіктіні ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz. 

24 ақпан күні күндіз күдікті Қостанай ауданының металл қабылдау пункттерінің бірінде қарумен қорқытып, 792 мың теңге сомасында ақшаны иемденіп, қашып кеткен. Оны іздестіру үшін арнайы жоспар құрылып, іздестіру жұмыстары ұйымдастырылды, сондай-ақ автокөліктер тексерілді.

– Біз күдіктіні Рудный қаласында ұстадық. Тапанша, ақша, балаклаваға ұқсас затты тәркіледік. Барлық қажетті тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Қару бойынша сараптама тағайындалды, – деді ПД криминалдық полиция басқармасының бастығы Юрий Полюхов

Күдікті қамауға алынды. Оның мүлкі тәркіленіп, 5 жылдан 10 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін. ПД жол қозғалысының жабылуына байланысты қолайсыздықтарға түсіністікпен қарағаны үшін халыққа алғысын білдірді.

26 ақпан, 11:29

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.