Атырау, 22 желтоқсан 16:21
 бұлыңғыр боладыВ Атырау 0
$ 517.66
€ 606.49
₽ 6.44

Қуандық Бишімбаевтың ісі сотқа жіберілді

589 рет қаралды

Бишімбаевтың ісі сотқа жіберілгенін Orda.kz тілшісіне зардап шеккен тараптың адвокаты растады.

«Іс шынымен де сотқа жіберілді, бірақ судья әлі анықталған жоқ» деді адвокат Жанна Мұхамади.

Бұған дейін ішкі істер вице-министрі Марат Қожаев барлық қажетті сот-медициналық сараптамалар жүргізілгеннен кейін істі сотқа жіберуге болатынын айтқан болатын. Осыдан бұл процедуралар аяқталды деп қорытынды жасауға болады.

Еске сала кетейік, бұрынғы министр Қуандық Бишімбаев өз әйелі Салтанат Нүкенованы өлтірді деп айыпталуда. Келіншек 2023 жылдың 9 қарашасына қараған түні астаналық «BAU» мейрамханасында соққыға жығылды.

26 ақпан 2024, 11:24

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.