Атырау, 2 мамыр 19:07
 ашықВ Атырау +11
$ 442.05
€ 474.14
₽ 4.74

​ТЖ министрі БҚО-ның су тасқыны кезеңіне дайындығын тексерді

249 просмотра
Сурет: gov.kz

Ағымдағы жылғы 23-24 ақпан аралығында Төтенше жағдайлар министрі Чингис Аринов Батыс Қазақстан облысына жұмыс сапарымен келді, деп хабарлайды министрліктің баспасөз қызметі. 

Іссапардың негізгі мақсаты - аумақтық бөлімшелердің жұмысымен танысу, алдағы су тасқыны кезеңіне дайындығын тексеру, проблемалық мәселелерді талқылау болып табылады.

Министр бірінші кезекте су тасқыны қаупіне неғұрлым бейім және өткен су тасқыны кезеңінде күрделі жағдай қалыптасқан аудандарға барып шықты, олар: Сырым, Бөрлі, Теректі және Қаратөбе аудандары. Министр әр барған учаскелерінде аудан және елдімекен әкімдерімен кездесіп, жағалауларды нығайту жұмыстарын жүргізу барысымен танысты. Сонымен қатар, аудандық төтенше жағдайлар бөлімдері, өрт сөндіру бөлімдерін аралады.

Бөрлі ауданының су тасқыны қаупі бар учаскелеріне көктен барлау жүргізілді. Бөрлі ауданы Ақсай қаласының Қызылтал шағын ауданында ұзындығы 11,3 км. қорғаныс бөгеті орнатылды.

Облыс орталығына келген соң, төтенше жағдайлар департаменті, өрт сөндіру қызметі және өндірістік қауіпсіздік комитетінің департаментіне барды.

Жұмыс сапарының екінші күні министр Чингис Аринов облыс әкімінің орынбасары Қалияр Айтмұхамбетовпен бірлесіп, Деркөл өзенінің су тасқыны қауіпті учаскесіне, облыстық кардиологиялық орталық ауданына барған болатын. Сондай-ақ, Шаған су қоймасын аралады, мұнда республикалық «Казводхоз» мемлекеттік кәсіорнының филиалы басшысы су шаруашылығының ағымдағы жағдайы және алдағы су тасқыны кезеңіне болжамды мәлімет жасады.

Сонымен қатар, жұмыс тобы қалалық өрт сөндіру бөлімшелері, Қазақстан бойынша ең көне өрт сөндіру бөлімдерінің бірінде орналасқан мұражайға барды, мұнда облыстың азаматтық қорғау органдарының қалыптасуы мен даму тарихымен танысты. Жедел-құтқару жасағының орталық базасында болып, кинологиялық есеп, техникалар мен жабдықтарды қарап, жеке құраммен әңгімелесті.

Іссапар соңында өткізілген шаралар қорытындыланып, тиісінше тапсырмалар берілді.

Министр алдағы уақытта да азаматтық қорғау органдарының объектілеріне өзі барып, жеке құраммен кездесетін болады.

26 ақпан, 09:26

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.