Атырау, 15 қаңтар 03:19
 қар жаууы ықтималВ Атырау -6
$ 510.43
€ 594.86
₽ 6.49

Жетісу облысында кәсіпкерді бопсалағандар сотталды

954 рет қаралды
Фото: freepik.com

Жетісу облысында прокуратураның үйлестіруімен құқық қорғау органдары кәсіпкерлерден ақша бопсалаумен айналысқан қылмыстық топтың жолын кесті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Атап айтқанда, алдын ала сөз байласу арқылы әрекет еткен екі қылмыскер мүлікті өртеп жібереміз деп қорқытып, жәбірленушінің жарты миллион теңге көлеміндегі қаражатын иемденген.

Сотқа дейінгі тергеп-тексеру нәтижелері бойынша қылмыстық іс сотқа жіберілді.

"Алакөл аудандық соты прокуратураның дәлелдерін қолдап, жасалған қылмыстың ауырлығы мен сипатын ескере отырып, кінәлілерді ҚР ҚК-нің 189 бабының 3 бөлігіне сәйкес 4 жылға бас бостандығынан айырды", – делінген прокуратура хабарламасында.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

24 ақпан 2024, 14:06

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.