Атырау, 3 мамыр 05:23
 ашықВ Атырау +18
$ 443.37
€ 474.49
₽ 4.83

Баян Мақсатқызы: "Бандит жігітке тұрмысқа шықтым"

853 просмотра

Танымал актриса, продюсер Баян Алагөзованың “Сакура. Иц май лайф” фильмі жарық көрді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Продюсер фильмнің сюжеті қаншалықты өзінің жеке өмірінен алынғанын “Замандас” подкастында айтып берді. 

“Қылмыс әлемінің серкесі, достарының арасында үлкен беделге ие жігітке тұрмысқа шықтым. Отбасылық өміріміздің немен аяқталғанын бүкіл ел жақсы біледі. Тіпті, ол оқиға ұмытылған да жоқ. Фильмге кейбір басымнан өткен оқиғаларды қосқаным рас. Бірақ ол менің тұтас автобиографиялық өмірімнен алынды деген сөз емес. Фильм фантастика емес. Ондағы барлық диалог, стиль сол заманда болған. Тіпті, театр институтында оқып жүргенде рэкет жігіттерді көретінбіз. Жатақханаға да келіп жүретін. Қолдарында сол кезде-ақ суық қару болатын еді. Көзімізбен көрдік”, – деп еске алды жастық шағын актриса.

Сонымен қатар қылмыс әлемінің серкелері қандай болатынын да сипаттап берді. 

“Олар өте мықты, білегіне сенетін жігіттер. Біздің заманымызда сондай жігіттер үлкен беделге ие еді. Оларды басқа студент жігіттермен салыстыра алмайсың. Оларда ақша да, соңғы үлгідегі киім де бар еді. Ең қымбат көлікпен жүрді. Ал оның бәрі біз секілді студент қыздарға таңсық еді. Олардың қолындағы заттары дүкенде сатылмайтын. Бір күні сондай “бандит”жігіттің бірі маған бір қорап шоколад әкеліп берген. Қатты таңғалдым. Ол кезде бір түйір шоколад жесең, мәз боласың. Сол моментті фильмге кіргіздім. Тіпті, жарнамадағы темекіні шегетін жігітті “ең мықты еркек” деп ойладық”, – деп ағынан жарылды продюсер. 

Еске салайық, жаңа фильм еліміздегі алғашқы төсек сахнасы көп туынды болмақ. 

23 ақпан, 12:41

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.