Атырау, 2 мамыр 23:40
 ашықВ Атырау +19
$ 442.05
€ 474.14
₽ 4.74

«Тұтынушыға салмақ түсірмейді»: Сәтқалиев тарифтер жайлы айтты

762 просмотра
Фото: primeminister.kz

Сенатта өтіп жатқан парламенттік комиссия отырысында Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев тарифтер жайлы айтты, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Министрдің айтуынша, әлемде территориясының көлемі бойынша 9-орын алатын Қазақстан жаңартылатын энергия көздерін дамыту бойынша айтарлықтай әлеуетке ие.

«Еліміздің жел, күн және гидроэнергетиканы дамытудың, заманауи технологияны енгізудің және орнықты дамудың жоғары әлеуеті бар. Таяу уақытта республикада жел генерациясын дамыту бойынша әлемде көшбасшы позицияға ие болудың барлық мүмкіндігі бар. Елімізде жел генерациясы барынша тұрақты», - деді ол.

Министр атағандай, энергия көзі еліміз бойынша біркелкі бөлінуі мүмкін.

«Нәтижесінде ол тарифтердің өсуіне барынша аз әсер етіп, түпкі тұтынушыға салмақ түсірмейді. Қазақстандағы климат жел электр станцияларын салуға қолайлы. Жылдамдығы 5 м/с-тан асатын жел дәліздерінің болуы жел турбиналарын салуға ыңғайлы», - дейді министр.

Сараптамалық бағалау бойынша Қазақстандағы жел энергетикасының энергетикалық әлеуеті – жылына 920 миллиард кВт/сағ.

«Бұл ретте Каспий өңірі, оңтүстік, сондай-ақ оңтүстік-шығыста орналасқан Шелек дәлізі мен Жоңғар қақпасы жел энергиясының ең жоғары әлеуетіне ие», - деді Энергетика министрі.


23 ақпан, 12:24

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.