Атырау, 20 мамыр 16:12
 ашықВ Атырау +16
$ 443.44
€ 480.51
₽ 4.88

Қазақстанда Nestle компаниясының сұрауы бойынша тексеру жүргізілді

391 просмотра
Фото ашық дереккөзден

Қазақстанда Nestle компаниясының өтінішінен кейін тексеру жүргізілді. Бұл туралы брифингте Әділет министрлігінің ресми өкілі Талғат Уәли айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Оның айтуынша, 7 ақпанда әділет органдары мен полицейлер Шымкентте Kit Kat және Nesquik сауда белгілерімен таңбаланған ондаған тауарды анықтаған.

"Әділет органдары 48 мыңнан аса жалған өнімді тәркіледі. Бұл өнім Шымкентте "Б." ЖШС көтерме сату арқылы тараған. Тексеру Nestle S.A. компаниясының өтініші негізінде жүргізілді", - деді Талғат Уәли.

Іс материалдары соттың қарауына жіберілді.

Әділет министрлігінің өкілі контрафактілік немесе жалған өнімдерді сату және тұтыну қазақстандық қоғам үшін күрделі мәселе екенін атап өтті. Бұл жосықсыз бәсекенің кесірінен табысы мен беделінен айырылатын тауар белгісі иелерінің құқығы мен мүддесін бұзып қана қоймай, тұтынушылардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіреді.

"Жалған өнімдерде көбінесе токсиндер, аллергендер, канцерогендер, пестицидтер, ауыр металдар, гормондар, антибиотиктер және т.б. сияқты зиян немесе тыйым салынған заттар болады", - деп қосты Уәли.


22 ақпан, 15:34

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.