Атырау, 25 сәуір 00:57
 ашықВ Атырау +20
$ 443.85
€ 474.30
₽ 4.80

Таразда шетелдік азаматты 5 млн теңгеге алдаған тұрғын ұсталды

370 просмотра
фото: freepik.com

Таразда шетелдік азаматтың 5 млн теңгесін алаяқтықпен иемденіп кеткен тұрғын ұсталды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.  

Полиция қызметкерлерінің мәліметінше, тараздық жігіт шетел азаматына 12 мың 600 доллардың пияз тұқымын жеткізуге уәде берген. Алайда ол сол қалпы уәдесін орындамаған. 

«Осы дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Ер адамға қатысты келу туралы міндеттеме түрінде процедуралық мәжбүрлеу шарасы таңдалды. Қазіргі уақытта істің егжей-тегжейлі мән-жайларын анықтау үшін барлық қажетті тергеу шаралары жүргізілуде. Полиция бейтаныс адамдармен ірі көлемдегі сатып алуда өте қырағы және сақ болуды ескертеді», - деп хабарлады Жамбыл облыстық ПД баспасөз қызметі. 

Орын алған оқиға туралы полицияға шет мемлекеттің азаматы хабарлап, шағым түсірген. Жәбірленушінің айтуынша, тараздық оған 420 келі пияз тұқымын жеткізу сылтауымен сенімге еніп, алдау арқылы оның ақшасын иемденіп алған соң мүлдем хабарсыз кеткен. 

22 ақпан, 12:21

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.