Атырау, 8 қыркүйек 04:58
 ашықВ Атырау +21
$ 480.55
€ 533.75
₽ 5.36

Қазақстан қызылшаның таралуы бойынша әлемде бірінші орынға шықты

490 просмотра

Қазақстан қызылшаның таралуы жағынан әлем бойынша бірінші орынға шықты. Бұл туралы денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова мәлімдеді, деп хабарлайды ”Адырна” ұлттық порталы.

Мәлімет бойынша, қызылшаны вакцинамен тоқтатуға болады. Бірақ бүгінде Қазақстанда вакцинамен басқарылатын инфекциялық ауруларды эпидемиологиялық бақылау жағынан жүйелі кемшіліктер бар.

Осы орайда Әлназарова инфекциялық ауруларды болжамдау және бақылау жүйесін күшейту үшін бірқатар шараларды атқару қажет деп санайды.

“Нақты уақыт форматында температуралық режимді бақылау мүмкіндігімен профилактикалық егулер мен вакциналар қозғалысын есепке алуды цифрландыруды қамтамасыз ету, денсаулық сақтаудың барлық деңгейлерінде медицина қызметкерлерін оқытуды жолға қою, мүдделі органдармен және ведомстволармен бірлесіп басқарылатын инфекциялардың профилактикасында вакцинациялаудың маңыздылығы туралы халықты кеңінен хабардар етуді қамтамасыз ету қажет деп санаймын”, - деді Әлназарова министрліктің кеңейтілген алқа мәжілісінде.

22 ақпан, 10:55

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.