Атырау, 8 қыркүйек 05:25
 ашықВ Атырау +21
$ 480.55
€ 533.75
₽ 5.36

Ерлан Қошанов Ресейге ресми сапармен барады

480 просмотра
Фото: ҚР СІМ баспасөз қызметі

Парламент Мәжілісінің төрағасы Ерлан Қошанов 3-5 наурыз аралығында Ресей Федерациясына барады. Ол Мәскеу және Қазан қалаларында екіжақты келіссөздер жүргізеді, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

«Сапар барысында Мәскеуде Ресей Федерациясы Мемлекеттік Думасының Төрағасы Вячеслав Володинмен, Федерация Кеңесінің Төрағасы Валентина Матвиенкомен екіжақты келіссөздер, сондай-ақ Қазанда Татарстан Республикасының Раисы Рустам Миннихановпен және Татарстан Республикасы Мемлекеттік кеңесінің Төрағасы Фарид Мұхаметшинмен екіжақты кездесулер жоспарланған», - деді Айбек Смадияров.

Оның айтуынша, сапар аясында тараптар парламентаралық өзара іс-қимылды, сондай-ақ сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық салалардағы екіжақты ынтымақтастықты одан әрі нығайту мәселелерін талқылайды.

21 ақпан, 16:58

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.