Атырау, 3 маусым 02:01
 дождьВ Атырау +13.6
$ 493.15
€ 574.17
₽ 6.77

1 сәуірден бастап қазақстандықтар Қазанға тікелей ұша алады

663 рет қаралды
Фото ашық дереккөзден

Ақтөбеден Қазанға әуеқатынасы жаңартылады, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі.

QAZAQ AIR әуекомпаниясы баспасөз қызметінің мәліметінше, 2024 жылғы 1 сәуірден бастап "Ақтөбе-Қазан" бағытындағы рейс қайта жанданады.

Рейстер аптасына 2 рет дүйсенбі және жұма күндері келесі кесте бойынша орындалады (жергілікті уақыт көрсетілген):

IQ 507 Ақтөбе 17:00–Қазан 16:40

IQ 508 Қазан 17:40 – Ақтөбе 21:20

Сондай-ақ келесі қалалардан транзиттік маршруттар қарастырылған:

Астана -Ақтөбе - Қазан

Атырау – Ақтөбе - Қазан

"Тұрақты рейстерді іске қосу Қазақстан мен Ресей арасындағы білім беру, туристік, мәдени және іскерлік ынтымақтастық саласын дамытуға ықпал етеді", - деп атап өтті QAZAQ AIR баспасөз қызметі.

Билеттерді бүгіннен бастап әуекомпанияның www.flyqazaq.com ресми сайтынан сатып алуға болады.

21 ақпан 2024, 15:43

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.