Атырау, 15 қаңтар 04:53
 қар жаууы ықтималВ Атырау -6
$ 510.43
€ 594.86
₽ 6.49

Ақтауда мемлекеттік ақпараттық жүйелерді бұзған хакер сотталды

633 рет қаралды
Фото: knb.kz

Ақтауда мемлекеттік ақпарат жүйелеріне заңсыз қол жеткізген хакер үш жылға сотталды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Бұл туралы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің баспасөз қызметі хабарлады.

«Қылмыстық кодекстің 147-бабы 3, 4-бөліктері, 205-бабы 2-бөлігі және 208-бабы 2-бөлігі 1-тармағымен қарастырылған қылмыстық құқықбұзушылықты жасауда кінәлі деп танылған Қазақстан азаматына қатысты Ақтау қаласы сотының үкімі заңды күшіне енді», - делінген ҰҚК хабарламасында.

Ол 3 жылға бас бостандығынан айыру жазасына кесілді.

«Сотталған елдің ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымының маңызды нысандары болып табылатын мемлекеттік ақпарат жүйелеріне заңсыз қол жеткізуді жүзеге асырғаны тергеумен анықталды», - делінген хабарламада.

Фигуранттың ақшалай сыйақыға одан әрі үшінші адамдарға беру үшін ҚР азаматтарының жеке деректерін заңсыз алу фактісі толық дәлелденді.

21 ақпан 2024, 09:31

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.