Атырау, 8 мамыр 23:34
 ашықВ Атырау +12
$ 439.43
€ 473.31
₽ 4.82

«Өкілетті орган да жоқ»: Әшімбаев демографиялық тетіктерді қайта қарау қажетін айтты

375 просмотра
Фото: senate.parlam.kz

Сенат спикері Мәулен Әшімбаев Сенаттағы Үкімет сағатында адами ресурстар кез келген мемлекет үшін маңызды екенін атады, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

«Ол елдің, халықтың дамуына тікелей қатысты. Сондықтан демографиялық мәселелер стратегиялық маңызға ие. Жалпы бүгінгі мәселені қорытындылай келе, ең басты түйін біз өз тетіктерімізді қайта қарауымыз керек. Елдің демографиялық дамуында маңызды саясат қалыптастырумыз қажет. Бұл салада болған ең соңғы бағдарлама 2005 жылы жұмыс істеуін тоқтатқан. Сол уақыттан бері бізде осы бағыт бойынша ешбір құжат болмаған. Демографиялық саясат бойынша бізде өкілетті орган да жоқ. Бізде бұл салада ведомствоаралық комиссия да жоқ»,-деді ол.

Спикер атағандай, бұл сала бойынша не бағдарлама, не комиссия, не өкілетті орган жоқ.

«Осы орайда біз тетіктерді қайта қарауымыз керек. Халық санының көбеюі бірқатар мәселе тудыратыны белгілі. Ол – инфрақұрылым мен мектептер, медициналық мекемелер, жұмыс орындарының ашылуы. Алайда бұл мәселенің барлығына қарамастан халық санын арттыруымыз керек. Біздің халық саны 35-40 млн-ға жеткенше әлем бойынша жер көлемінің 9-орнын дамыту қиынға соғады. Даму үшін адам керек», - деді Мәулен Әшімбаев.

20 ақпан, 14:20

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.