Атырау, 8 мамыр 15:58
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +16
$ 439.43
€ 473.31
₽ 4.82

Азамат Сатыбалды: "Қазақфильм" өсекпен емес, өнермен айналысатын жер"

403 просмотра
Сурет: Ақтолқын Ғалымғазықызы

Бұл туралы Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильм» Ұлттық киностудиясының президенті жаңа маусымның ашылуында айтты,  деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.

«Қазақфильм» Ұлттық киностудиясында Шәкен Аймановтың туғанына 110 жыл толуына орай жаңа маусымның салтанатты ашылуы өтті. Салтанатты рәсімнің алғысөзін айтқан киностудия президенті киномайталмандарды “өсекпен емес, өнермен айналысуға” шақырды.

Ақшасы бар кезде “Қазақфильмді” бәрің жақсы көрдіңдер. “Қазақфильм” төңірегінде жүрдіңдер. Ақша болмаған еді, Әл-Фарабидің арғы жағына шығып, киностудияға тас лақтыра бастадыңдар. Өмір бойы әкеміз дүние табатын адам секілді көрінеді. Бірақ әкеміз ауырған кезде оны бүйірден теуіп “ақша тап” демейміз ғой. “Қазақфильмде” сәл ауырып тұр. Бірақ оның дертін таптық. “Қазақфильм” өнермен айналысатын жер, өсекпен емес, - деді Азамат Сатыбалды.
20 ақпан, 13:37

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.