Атырау, 9 мамыр 03:41
 ашықВ Атырау +12
$ 439.43
€ 473.31
₽ 4.82

«10 өңірдегі елді мекендерді су басу қауіп бар»: ТЖМ көктемгі су тасқынына дайындық туралы

375 просмотра
фото: freepik.com

Төтенше жағдайлар министрі Шыңғыс Әрінов көктемгі су тасқынына дайындық туралы айтып берді, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

«Қазгидрометтің ақпан және наурыз айларының соңындағы алдын ала болжамына сәйкес республиканың оңтүстік-шығыс, солтүстік және орталық бөліктерінде тәулігіне айлық нормамен мол жауын-шашын түсуі мүмкін.

Осыған байланысты, 10 өңірдің елді мекендерін су басу қаупі бар. Атап айтқанда, тау суларының ағыны салдарынан: Алматы, Түркістан, Шығыс Қазақстан және Жетісу облыстары; қардың көп еруіне байланысты: Батыс Қазақстан, Ақмола, СҚО, Қарағанды, Павлодар және Қостанай өңірлері», - деді Төтенше жағдайлар министрі Шыңғыс Әрінов

Министрлік жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп су тасқыны кезеңіне дайындық бойынша қажетті іс-шаралар кешенін өткізді, «Көктем» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығу шеңберінде басқару органдарының күштері мен құралдарының нақты дайындығы тексерілді. Халықты құлақтандыру пысықталды, зардап шеккен азаматтарды жинау пункттері дайындалды.

Елді мекендерден 10,5 миллион текше метрден астам қар шығарылды.

Дегенмен, министр жыл сайынғы тәжірибе көрсеткендей бұл шаралар жеткіліксіз екенін айтады. Оның пікірінше, Қазақстанда су қоймалары жетіспейді.

«Республика бойынша 40 су қоймасын салу керек. Иә бұл әкімдіктер үшін қымбат болады, бірақ бұл халықтың қауіпсіздігін арттыруға және олардың мүлкін жоғалту салдарынан туындайтын әлеуметтік шиеленісті азайтуға мүмкіндік береді. Бір мезгілде жазғы кезеңде ауыл шаруашылығы алқаптарын суару мәселелерін шешеді.

Әлемдік практика көрсетіп отырғандай-жою іс-шаралары кезінде бөлінетін қаражат сомасы төтенше жағдайларды ескерту үшін алдын ала пайдалануға болатын қаражаттан жүздеген есе көп.

Үкіметтің қаңтардағы отырысында тиісті бағдарламалық құжаттарда су тасқынына қарсы іс-шараларды жоспарлау бойынша жергілікті атқарушы органдарға тиісті тапсырма берілді.

Өз кезегінде біз үйлестіруші министрлік ретінде халықты қорғау жөніндегі жауапкершіліктен қашпаймыз. Біздің тарапымыздан төтенше жағдайлар туындаған кезде барлық қажетті көмек көрсетіледі», - деді министр.


20 ақпан, 11:37

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.