Атырау, 9 мамыр 01:55
 ашықВ Атырау +12
$ 439.43
€ 473.31
₽ 4.82

«Жайлы мектеп»: Биыл 217 білім ошағы қолданысқа беріледі

384 просмотра

Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев «Жайлы мектеп» ұлттық жобасының іске асырылу барысы туралы айтып берді, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Ауылдық жерлерге 163 мектеп салынады.

«Жалпы ұлттық жоба еліміздегі оқушы орындарының тапшылығын шешуге, апатты және үш ауысымды мектептер мәселесін жоюға бағытталған. 2024-2025 жылдары 740 мың оқушы орнына арналған 369 мектепті, оның ішінде биыл 217 мектепті (2025 жылы – 152) қолданысқа беру көзделген.

Мектептер құрылысы бірыңғай стандарт бойынша жүзеге асырылуда. Бұл ретте 163 мектеп (44%) ауылдық жерлерде салынады», - деді министр Үкімет отырысында.

Бұл білім ошақтары заманауи құрал-жабдықтармен жабдықталады. Сонымен қатар жайлы мектептер ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалар үшін кедергісіз ортаны сақтайды.


20 ақпан, 10:44

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.