Атырау, 22 желтоқсан 18:09
 бұлыңғыр боладыВ Атырау 0
$ 517.66
€ 606.49
₽ 6.44

Қазақстан мен Оңтүстік Корея арасындағы әуе рейстерінің саны артты

604 рет қаралды

Сеулде (Корея Республикасы) Қазақстан Республикасы Көлік вице-министрі Талғат Ластаевтың Корея Республикасы Жер, инфрақұрылымы және көлік министрінің орынбасары Юн Санг Лимен екіжақты кездесуі өтті, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Кездесу барысында тараптар Астана мен Сеул арасындағы рейстерді қайта бастау, Алматы – Сеул бағыты бойынша орындалатын рейстерді ұлғайту, сондай-ақ Шымкенттен Сеулге және Пусан мен Қазақстан қалалары арасындағы рейстерді ашу мәселесін талқылап уағдаласты.

Сонымен қатар, Талғат Ластаев T'Way Air төмен бюджеттік әуе компаниясының және Sirius Airlines жүк әуе компаниясының басшылығымен кездесулер өткізді. Кездесу барысында кореялық тасымалдаушылар Қазақстанға ұшуға ниетті екенін білдірді.

20 ақпан 2024, 09:15

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.