Атырау, 8 мамыр 15:49
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +16
$ 439.43
€ 473.31
₽ 4.82

Биыл колледж студенттерінің шәкіртақысы тағы 50 пайызға өседі

339 просмотра
фото: freepik.com

Биыл қатары 300 мыңға жуықтаған студенттердің стипендиясы тағы 50 пайызға артады, деп хабарлайды Azattyq Ruhy Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Орта буын мамандықтарының студенттері қазіргі 31 422 теңгенің орнына 41 896 теңге алады. Жұмысшы біліктілігі бар студенттер үшін шәкіртақы 32 681 теңгеден 43 574 теңгеге дейін көтеріледі», - деді ТжКБ бас сарапшысы Дархан Сатанов.

Сонымен қатар мемлекеттік тапсырыс бойынга оқитые студенттерге тамақ пен жолақы сияқты әлеуметтік қолдау көрсетіледі.

Естеріңізге сала кетейік, еліміздегі колледждерде барлығы 542 мың студент оқиды. Оның 344 мыңы тегін техникалық және кәсіптік біліммен қамтылған.


19 ақпан, 16:59

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.