Атырау, 24 қыркүйек 20:21
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +15
$ 480.50
€ 534.22
₽ 5.18

Үлбі өзенін ластағаны үшін Казцинкке 50 миллион теңге айыппұл салынды

348 просмотра

2024 жылдың қаңтарында Шығыс Қазақстан облысындағы Үлбі өзенінің ластануына байланысты "Казцинк" ЖШС-нің Риддер тау-кен байыту кешеніне қатысты жоспардан тыс тексеру аяқталды, деп хабарлайды Экология және табиғи ресурстар министрлігінің Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің баспасөз қызметі. 

Жоспардан тыс тексеру жүргізу барысында экология департаментінің мамандары іріктеп алған сарқынды сулардың сынамалары марганец бойынша 4,5 есе артық екенін көрсетті. Сондай-ақ, тазарту құрылыстарын тиісінше пайдаланбау нәтижесінде Үлбі өзеніне көптеген ағындар орын алатыны анықталды.

Жоспардан тыс тексеру қорытындысы бойынша "Казцинк" ЖШС-не 50 млн.теңге көлемінде әкімшілік айыппұл салынды, сондай-ақ бұзушылықтарды жою туралы нұсқама берілді.

19 ақпан, 10:04

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.