Атырау, 22 желтоқсан 18:09
 бұлыңғыр боладыВ Атырау 0
$ 517.66
€ 606.49
₽ 6.44

Көлік кеңесінің отырысында халықаралық көлік дәлізін дамыту мәселесі талқыланды

463 рет қаралды
Көрнекі сурет

Қазақстан, Ресей, Өзбекстан және Беларусь көлік министрліктерінің өкілдері ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің көлік кеңесінің 43-ші отырысы аясында кездесті, деп хабарлайды министрліктің баспасөз қызметі. 

Іс-шараға қатысушылар «Беларусь – Ресей – Қазақстан – Өзбекстан – Ауғанстан – Пәкістан»халықаралық көлік дәлізін қалыптастыру және дамыту мәселесін талқылап, аталған дәлізді дамыту жөніндегі іс-шаралар жоспарын қарастырды. Кездесу барысында тараптар биыл наурыз айының ортасында жұмыс тобының бірінші отырысын өткізуге келісті.

Естеріңізге сала кетейік, өткен жылы ШЫҰ-на мүше елдердің көлік форумы шеңберінде Қазақстан, Ресей және Өзбекстан министрліктерінің өкілдері «Беларусь – Ресей – Қазақстан – Өзбекстан – Ауғанстан – Пәкістан» дәлізі туралы Меморандумға қол қойған болатын.

Іс-шараның қорытындысы бойынша қатысушылар «Дарбаза-Мақтарал» жобасының іске асырылуын ескере отырып, қазақстандық учаскенің инфрақұрылымы осы дәліз бойынша жүктерді тасымалдауды қамтамасыз етуге мүмкіндік береді деген ортақ пікірге келді.

19 ақпан 2024, 09:09

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.