Атырау, 29 наурыз 10:29
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -10
$ 482.53
€ 555.44
₽ 5.92

Маңғыстауда мектеп асханаларына айыппұл салынды

1 101 рет қаралды
фото: freepik.com

Маңғыстау облысы бойынша санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті биылғы оқу жылында мектеп асханаларына жоспардан тыс 5 тексеру жүргізген, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Оқушылардың тамағына жауаптыларға 1 670 490 теңге көлемінде 4 айыппұл салынды.

Ал мектеп асханаларының өздеріне сот шешімімен 60 375 теңге айыппұл салынды.

«Прокуратураның талабы бойынша 4 асхана тексерілді. Тамақ өнімдерінің сынамалары санитарлық нормалардың сақталуын қамтамасыз ету үшін алынды. Сондай-ақ олар ата-аналардың арыз-шағымдары бойынша азық-түлік сапасына тексеру ұйымдастырды», - деді Маңғыстау облысы бойынша санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Асылбек Шаров.

Енді айыппұл салынған асханалар санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің бақылауында болады.

16 ақпан 2024, 16:24

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.