Атырау, 3 мамыр 11:15
 ашықВ Атырау +21
$ 443.37
€ 474.49
₽ 4.83

Теміртаудағы апат: Газ жарылысының болжамды себебі айтылды

456 просмотра

Теміртаудағы екіқабатты дүкендегі газ жарылысының алдын-ала болжамды себебі айтылды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Үйінділерді аршу жұмысы әлі жалғасып жатыр

Апат болған дүкеннің жертөлесінен автокөліктер табылды. Солардың бірінде газ жабдықтары болған.

Құтқарушылар жертөледегі автокөліктің ақаулы газ жабдығы жарылысқа себеп болуы мүмкін екенін айтады.

«1993 жылы туған жәбірленушінің сөзінше, ол дүкенге кіріп, оттық сатып алған. Тексеру мақасатында тұтатып көрген. Сол сәтте, 2-3 секунд ішінде жарылыс болып, қабырғалар қираған. Осыған байланысты газ-ауа қоспасы жарылған деген нұсқа қарастыруда. Оқиғаның себебі мен мән-жайы анықталып жатыр. ҚР ҚК 292-бабы, 2-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалды», - деп хабарлады ведомстводан.

Құтқарушылар үйінділердің 90 пайызы аршылып болғанын айтты.

Еске салсақ, бүгін таңертең Теміртаудағы дүкендердің бірінде газ жарылысы болып, бір адам зардап шегіп, тағы бір адам көз жұмды.


15 ақпан, 17:47

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.