Атырау, 3 мамыр 16:59
 ашықВ Атырау +15
$ 443.37
€ 474.49
₽ 4.83

Ақылы жолдардың тарифі өзгереді – Көлік министрі

405 просмотра
фото: freepik.com

Көлік министрі Марат Қарабаев Сенат кулуарында ақылы жолдардың бағасы күрт өспесе де, біртіндеп өзгеретінін айтты, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

«Биыл негізгі транзиттік дәліздер аяқталады. Оның ұзындығы – 2 091 шақырым. Сондықтан тағы 1 800 шақырым жаңа учаскеде ақы алу жүйесі енгізіледі. Екіншіден, тарифті арттыруға келсек, иә, сөзсіз қарастырамыз. Себебі 2013 жылдан бері тариф 11 жыл бойы өзгерген жоқ. Өткен жылы 20 пайызға қымбаттады. Біздің тарифті көрші елмен салыстырсаңыздар, Қазақстанда 1 теңге 20 тиын болса, Ресейде 7 теңге. Сіздер салық төлеушілердің емес, «ҚазАвтоЖолдың» бюджеті есебінен болғанын қалайсыздар ғой. Онда бір ғана жолы бар, ол – ақылы жолдар тарифін көтеру», - деді М. Қарабаев.  

Министр тарифтің пайыздық тұрғыдан көтерілетінін айтты.

«Мамандар 1100 бірлік техника сатып алудан бөлек, жолдарды күтіп ұстауға қанша қаражат қажет болатынын есептеуі керек. Біраз қор көбейіп, шығындарымыздың қай бөлігі жабылады, соған қарай біз жариялаймыз», - деді ведомство басшысы.

15 ақпан, 15:15

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.