Атырау, 24 қыркүйек 22:20
 бұлттыВ Атырау +17
$ 480.50
€ 534.22
₽ 5.18

Жайылымдарды пайдалану мәселесі: Ауыл әкімдерінің құзіреті кеңейеді

609 просмотра
фото: freepik.com

Парламент Сенатының депутаттары ҚР кейбір заңнамалық актілеріне жайылымдарды пайдалану мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заңды бірінші оқылымда қарады, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Ұсынылып отырған заң жобасы бойынша негізгі өзгерістерді Аграрлық мәселелер, табиғатты пайдалану және ауылдық аумақтарды дамыту комитетінің мүшесі Сәкен Арубаев айтып берді.

Біріншіден, қолданыстағы кодексте жайылымның жалпы алаңына мал басына сәйкес түсетін жүктемені нормасы 20% -дан аз болса, артық жайылым мемлекетке қайтарылуға жатады.

Ұсынылып отырған заң бойынша түсетін жүктемені нормасы 50% -дан аз болса, артық жайылым мемлекетке қайтарылады.

Қолданыстағы Жер кодексінің 36-бабында ауыл халқын шалғайдағы жайылыммен қамту үшін конкурссыз 5 жылға тікелей жер беру туралы норма қазіргі заңнан мүлдем алынып тасталады. Бұл ретте шөп шабу үшін жер учаскелерін беру тәртібі өзгерген жоқ. Айта кету керек, қолданыстағы норма жеке тұлғаларға және ұйымдасқан шаруашылықтарға конкурстан тыс жайылымдар беру арқылы ауыл тұрғындарын қоғамдық қажеттіліктерге пайдалану мүмкіндігінен айырды.

Екіншіден, орман кодексіне заңмен орман және табиғатты қорғау мекемелерін жыл сайын ауданның жергілікті атқарушы органдары шөп шабуға және мал жаюға болатын мемлекеттік орман қоры учаскелері туралы мәліметтер беруге міндеттейтін түзетулер енгізілген.

Үшіншіден, қоғамдық жайылымдар ауылшаруашылығы жерлерінен басқа түрлеріне ауыстыруға тыйым салынып, жеке меншікке берілмейді. Халықтың мал жаю қажеттіліктері үшін пайдаланылатын болады. Көпшілік пайдаланатын жайылымдардың көлемін ұлғайту мақсатында ауылдық елді мекеннен тыс орналасқан жайылымдарды ауыл әкімдерінің құзіретіне беру туралы норма ұсынылып отыр. Қазіргі кезде олар аудандық атқарушы органның құзіретінде.

Жеке мал жаю үшін жайылыммен қамтамасыз етуге қатысты ауыл әкімдерінің құзіреттерін кеңейту көзделіп отыр.

15 ақпан, 12:07

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.