Атырау, 22 желтоқсан 18:09
 бұлыңғыр боладыВ Атырау 0
$ 517.66
€ 606.49
₽ 6.44

Геннадий Головкин Ұлттық Олимпиада комитетінің президенттігіне ұсынылды

597 рет қаралды
фото: ашық дереккөзден

Қазақстандық боксшы Геннадий Головкин Ұлттық Олимпиада комитетінің президенті лауазымына ұсынылды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy Tengri Sport-ке сілтеме жасап.

Растау құжатын редакция жариялады.

Құжаттан 14 ақпанда Қазақстан Ұлттық Олимпиада комитетінің тәуелсіз сайлау комиссиясының отырысы өткенін аңғаруға болады. Іс-шара барысында президенттікке кандидаттарды ұсыну нысандары қаралды.

«Федерациялар ҰОК президенті лауазымына Геннадий Геннадиевич Головкиннің кандидатурасын ұсынды», - делінген комитеттің ҰОК Бас Ассамблеясының мүшелеріне жолдаған ресми хатында.

Өтінімдер олимпиадалық спорт түрлері бойынша федерациялардан 11 ақпанға дейін қабылданды. Қазір ҰОК президеттігіне бұрынғы премьер-министр Асқар Мамин, ҰОК жалпы мәселелер жөніндегі вице-президенті Данияр Әбілғазин, боксшы, спорт және дене шынықтыру істері комитетінің бұрынғы басшысы Серік Сәпиев, спорт және дене шынықтыру істері комитетінің басшысы Ербол Мырзабосынов үміткер.

Олар сондай-ақ дауыс беру арқылы жаңа президенттің атын және атқару комитетінің жаңа құрамын анықтайды.


15 ақпан 2024, 14:02

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.