Атырау, 24 қыркүйек 22:18
 бұлттыВ Атырау +17
$ 480.50
€ 534.22
₽ 5.18

​Қазақстанда бензин мен дизель отынының жаңа бағасы белгіленбек

387 просмотра

Қазақстан бензин мен дизельдің жаңа бағасын белгілеуді жоспарлап отыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Ашық НҚА" порталында энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиевтің бұйрық жобасы жарияланды. Ол 28 ақпанға дейін қоғамдық талқылауда болады.

Бұйырық жобасында, бағаларына мемлекеттік реттеу белгіленген мұнай өнімдерін бөлшек саудада стационарлық автожанармай құю станциялары арқылы өткізудің шекті бағалары қосылған құн салығы есебімен мынадай мөлшерде белгілеу ұсынылған:

  • Аи-80 маркалы бензин – 1 литріне 89 теңге;
  • Аи-92 және Аи-93 маркалы бензин – 1 литріне 205 теңге;
  • дизель отыны (жазғы, маусымаралық) – 1 литріне 295 теңге.
"Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі", - делінген хабарламада.

Айта кетейік, қазір жазғы дизель отынының шекті бағасы шетелдіктер үшін 450 теңге, қазақстандықтар үшін 295 теңге.

15 ақпан, 09:11

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.