Атырау, 3 маусым 02:53
 дождьВ Атырау +12.9
$ 493.15
€ 574.17
₽ 6.77

Қазақстанда декларацияны қалай тапсыру керек: видео-нұсқаулық

796 рет қаралды
фото: freepik.com

Алматы Мемлекеттік кірістер департаменті Қазақстан бойынша 250.00 нысаны бойынша салық декларациясын тапсыруға көмектесетін видео-нұсқаулық дайындады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

2024 жылдың 1 қаңтарында Қазақстанда жалпыға бірдей декларацияның үшінші кезеңі басталды. Алғаш рет жеке кәсіпкерлер, олардың жұбайлары, заңды тұлғалардың басшылары, үлескерлер, құрылтайшылары, сондай-ақ олардың жұбайлары өзінің активтері мен міндеттемелерін көрсетеді.

Декларацияны электрон түрде салық төлеушінің кабинеті, "электрондық үкімет" порталы, e-Salyq Azamat, eGov мобильді қосымшасы арқылы, сондай-ақ банк қосымшалары арқылы беруге болады.

Декларация тапсырудың ыңғайлы жолы - e-Salyq Azamat мобильді қосымшасы, онда декларацияны бірнеше минут ішінде толтыру және жіберуге болады.


14 ақпан 2024, 15:39

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.