Атырау, 4 қыркүйек 22:16
 дождьВ Атырау +29.4
$ 455.86
€ 528.84
₽ 5.25

Оралда көктайғақ

585 рет қаралды

13-нен 14 ақпанға қараған түні қалаішілік жолдарды тазартуға, көктайғаққа қарсы материал себуге 60-тан астам техника тартылды, деп хабарлайды Батыс-Қазақстан облысының әкімдігі. 

Құм-тұз қоспасын себуге 17 арнайы техника жұмылдырылған. Көктайғаққа қарсы шаралармен барлық қоғамдық көлік жүретін жолдар, тротуарлар қамтылды. Күн райы нашарлаған сәттен бастап 2 000 тоннаға жуық реагент пайдаланылды.

Коммуналдық мекеме мамандары бұл бағыттағы жұмысын жалғастырады.


14 ақпан 2024, 12:36

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.