Атырау, 22 желтоқсан 19:38
 бұлыңғыр боладыВ Атырау 0
$ 517.66
€ 606.49
₽ 6.44

Қазақстанда 38 градусқа дейін аяз болады

639 рет қаралды

Синоптиктер Қазақстанда 15, 16 және 17 ақпанда ауа райы қандай болатыны туралы болжам жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Болжам бойынша, Қазақстан аумағына солтүстік-батыстан арктикалық антициклон жылжиды және бірте-бірте республиканың басым бөлігін жауып, аязды ауа райы келеді. 15 ақпанда республиканың шығысында, 16 ақпанда оңтүстік-шығыста атмосфералық фронттар әсерінен жауын-шашын болады, кей жерлерде қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ, бұрқасын болады.

"Батыста ауа температурасы түнде 12-30, солтүстік-батыста, солтүстікте және орталықта 30-38 градус аяз, 16 ақпанда шығыста 18-35 градус аяз, оңтүстікте 10-30 градус аяз, 17 ақпанда оңтүстік-шығыста 15-28 градус аяз", - делінген хабарламада.

14 ақпан 2024, 11:06

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.