Атырау, 2 мамыр 06:22
 ашықВ Атырау +20
$ 442.05
€ 474.14
₽ 4.74

Ақтөбе облысында бір үйір жылқы қарға батып өлді

267 просмотра
Фото: Мұғалжар аудандық әкімдігі

Ақтөбе облысында аптаға созылған боран адамдарға ғана емес, төрт түлікке де ауыр тиді. Мұғалжар ауданында бір үйір жылқы қарға батып өлген, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Оларды Ащысай ауылдық округінің аумағынан мал іздеп шыққан тұрғындар кездейсоқ тапқан. Денелері толық қар астында қалған, тек кейбірінің басы ғана қардан шығып жатыр. Бұл малдардың жақын маңдағы Ақсу, Құмсай елді мекендеріне тиесілі еместігі анықталды. Тұрғындар мен аудан әкімдігі өкілдерінің айтуынша, алыс елді мекендердің бірінен ығып келуі мүмкін, деп жазады qazaqstan.tv.

«Қараған арасында жеті жылқы малының өлімтігі табылды.Қазіргі таңда осы жеті малдың иелерін анықтау мақсатында ауылдық округ әкімдері мен мал дәрігерлері бірігіп, таңбалары арқылы иесін анықтау жұмысы жүргізілуде», - деді Мұғалжар аудандық ауыл шаруашылығы және кәсіпкерлік бөлімінің басшысы Бауыржан Жолмағамбет.

14 ақпан, 11:04

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.