Атырау, 2 мамыр 07:52
 ашықВ Атырау +23
$ 442.05
€ 474.14
₽ 4.74

Шымкентте сот журналиске "Жала жабу" бабымен ірі көлемде айыппұл салды. Шағымданушы - полицей

208 просмотра

Шымкент қаласы қылмыстық істер жөніндегі сотының апелляциялық алқасы жергілікті журналист Марина Низовкинаны "Жала жабу" бабымен айыпты деп танып, ірі көлемде айыппұл салды. Бұл туралы "Әділ сөз" баспасөзді қорғау қоры хабарлады, деп жазады Азаттық радиосы. 

Журналисті сотқа Шымкент полиция департаменті басшысының орынбасары Ермахан Абдраманов берген. Шағымға журналистің желідегі сыни постары себеп болған.

Алғашқы инстанция – Шымкенттің мамандандырылған соты 10 қарашада істі тоқтату туралы қаулы шығарған. 12 ақпанда сот алқасы бұл қаулыны жойып, журналиске 180 АЕК (1,3 мың доллар) айыппұл салды.

Atameken business телеарнасының және Vera.kz сайтының тілшісі Низовкина Instagram’да 2023 жылы қыркүйекте Абдрамановтың қызметтік көлігін эвакуаторға салып жатқан сәтінен фото жариялаған. Низовкина инспекторлар "көлік өтірік нөмермен жүруі мүмкін деп күдіктенгенін" жазған.

Абдраманов шағымында журналистің желідегі жазбасы "абыройы мен беделін түсіретінін" жазған.

Низовкина айыппен келіспейді. Оның ойынша, мәселе желідегі поста емес. Бұған дейін патрульдік полиция полкінің басшысы қол астындағы жұмысшысы пара алғаны үшін жұмыстан кеткен. Бірақ пара алды деп айыпталған полицейдің тікелей басшысы Абдраманов қызметінде қалған. Журналист пара алған қызметкерге байланысты бастықтарға әртүрлі көзқарас болғанын сұраған.

"Әділ сөз" Низовкинаның постынан құқық бұзу фактілерін байқамаған. Медиа заңгерлер журналистің желідегі постында болжам айтылған дейді.

Қазақстан "Шекарасыз тілшілер" халықаралық ұйымынң былтырғы сөз бостандығы рейтингінде 134-орында тұр. Ұйым Қазақстанда "ақпарат алу шектелгенін", "мемлекет ақпарат кеңістігін бақылауда ұстауға тырысатынын", журналистер "цензураға ұшырайтынын" айтады.

14 ақпан, 09:51

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.