Атырау, 2 мамыр 17:05
 ашықВ Атырау +17
$ 442.05
€ 474.14
₽ 4.74

Барша қазақстандыққа осындай зейнетақы тілеймін – Министр ең ауқатты зейнеткер туралы

408 просмотра

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпова Қазақстандағы ең жоғары зейнетақы туралы пікір білдірді, деп жазады Казинформ. 

Бұған дейін Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры еліміздегі ең жоғары зейнетақы мөлшері 743 мың теңге екенін жариялаған еді. Осыған байланысты, бүгінгі брифингте журналистер министрден бұл ауқатты зейнеткердің кезінде қандай жалақы алғанын сұрады.

«Оның қандай жалақы алғанын айта алмаймын. Бірақ бұл адамның 1998 жылдан бері жоғары жалақы алатын жұмыстарда қызмет еткені – факт. Демек оның аударымдары максималды мөлшерде болған. Бұл айлығын конвертте жасырын алмай, әр жалақысының 10 пайызын аударып отырғанын көрсетеді. Барша қазақстандыққа осындай зейнетақы тілеймін», - деді Светлана Жакупова. 


13 ақпан, 17:51

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.