Атырау, 26 маусым 23:59
 дождьВ Атырау +25.3
$ 485.40
€ 550.69
₽ 6.41

Астанада ЖШС есепшісі казинода шамамен 400 млн. теңгеден ұтылды

813 рет қаралды
Сурет: gov.kz

Соттың үкімімен Астана тұрғыны құмар ойындарға ақша жұмсау үшін алаяқтық жолға түсіп, нәтижесінде 5 жылға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды Астана қаласының прокуратурасы.

"Кінәлі әйел ЖШС-ның бухгалтері бола отырып, мекеме иелеріне шет елге тиімді инвестициялар салу туралы жалған айтып, оларды алдау арқылы 385,9 млн. теңгеден астам қаражатын иемденген", - делінген хабарламада.

"Сотталған адам ұрланған ақшаның басым бөлігін казинода ұтылған. Іс бойынша қатысқан мемлекеттік айыптаушы сотталушының кінәсін дәлелдеді," деп мәлімдеді прокуратура.

Сот үкімі заңды күшіне енді.

13 ақпан 2024, 16:48

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.