Атырау, 2 мамыр 06:49
 ашықВ Атырау +20
$ 442.05
€ 474.14
₽ 4.74

Қазақстандықтарға декларация тапсыру мерзімі туралы ескертілді

341 просмотра
фото: freepik.com

Мемлекеттік кірістер комитеті ведомствоның жалпы декларацияны тапсыру мерзімін кейінге қалдыру жоспары жоқ екенін ескертті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Бұған дейін жалпыға бірдей декларация тапсыру кезеңдерінің басталуы кейінге қалдырылған болатын. Қазіргі кесте түпкілікті ме, әлде болашақта бұлда өзгеріп қалуы мүмкін бе?" - деп сұрады Мемлекеттік кірістер комитеті төрағасының орынбасары Қайрат Миятовтан ОКҚ брифингінде журналистер.

"Мен бүгін айтқан кезеңдер 2020 жылы қабылданды. Норма Салық кодексінің шеңберінде белгіленді. Оған сәйкес, жылжып келеміз. Біріншіден, мемлекеттік қызметкерлер, квазимемлекеттік сектор қызметкерлері, қазір кәсіпкерлер, содан кейін барлық басқа азаматтар. Менің ойымша, ешқандай өзгеріс болмайды", - деп жауап берді ол.

Еске салайық, Қазақстанда жалпыға бірдей декларация енгізу туралы 10 жыл бұрын айтыла бастады. Бірақ тек 2017 жылы жалпыға бірдей декларацияға кезең кезеңімен көшу бекітілді:

  • 2021 жылғы 1 қаңтардан бастап жауапты мемлекеттік лауазым атқаратын адамдар мен олардың жұбайлары декларация тапсыра бастады; мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамдар (және оларға теңестірілген) және олардың жұбайлары;
  • 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап мемлекеттік органдардың қызметкерлері мен олардың жұбайлары, сондай-ақ квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметкерлері мен олардың жұбайлары декларация тапсыра бастады;
  • 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап декларацияны заңды тұлғалардың басшылары мен құрылтайшылары (қатысушылары) және олардың жұбайлары (зайыбы) тапсыруы тиіс; жеке кәсіпкерлер және олардың жұбайлары;
  • 2025 жылдың 1 қаңтарынан бастап халықтың қалған санаттары жалпыға бірдей декларацияға қосылады.


13 ақпан, 16:46

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.