Атырау, 3 мамыр 09:42
 ашықВ Атырау +21
$ 443.37
€ 474.49
₽ 4.83

Қазақстанда жұмыссыздық деңгейі 4,7% құрады – Ұлттық статистика бюросы

257 просмотра
фото: freepik.com

Қазақстандағы Халықаралық еңбек ұйымының әдістемесі бойынша есептелген жұмыссыздық деңгейі 4,7%-ды құрады, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Ұлттық статистика бюросының деректеріне сүйенсек, республика экономикасының әртүрлі салаларында 9 042,3 мың адам жұмыспен қамтылды, олардың 6 906,3 мыңы (жұмыспен қамтылғандардың жалпы санынан 76,4%) жалдамалы қызметкер болса, 2 136 мың адам (жұмыспен қамтылғандардың жалпы санынан 23,6%) – өзін-өзі жұмыспен қамтығандар. 15 және одан жоғары жастағы халыққа шаққандағы жұмыспен қамту деңгейі 65,1% құрады.

2022 жылдың сәйкес тоқсанымен салыстырғанда, 2023 жылғы IV тоқсанда жалпы жұмыспен қамтылғандар 76,7 мың адамға өсті, негізінен жалдамалы жұмыспен қамтылғандар есебінен 75,4 мың адамға, өзін-өзі жұмыспен қамтығандар есебінен 1,3 мың адамға.

«Жұмыспен қамтылған халық санының ең көп өсімі ақпарат және байланыс, кәсіби және ғылыми қызмет, өнер, ойын-сауық және демалыс салаларында байқалды. 15-34 жастағы жастар арасындағы жұмыссыздық деңгейі 3,4% құрады. Жұмыс істемейтін және біліммен немесе кәсіптік оқумен айналыспайтын NEET жастарының үлесі 7,1% (379,37 мың адам) құрады», - делінген хабарламада.

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің жұмыспен қамту органдарында 2024 жылғы қаңтар айының соңына 264,5 мың жұмыссыз ресми тіркелген. Тіркелген жұмыссыздардың үлесі жұмыс күшінің 2,8%-ын құрады.

13 ақпан, 16:19

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.