Атырау, 3 мамыр 13:33
 ашықВ Атырау +15
$ 443.37
€ 474.49
₽ 4.83

«ҚазАвтоЖол» қызметкері жұмысын атқару кезінде қаза тапты

336 просмотра

«ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ қызметкері жұмысын атқарып жүріп қаза тапты, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Компанияның баспасөз қызметінен хабардағандай, қайғыды оқиға 10 ақпан 14:00 шамасында Самара-Шымкент автожолының 1285-шақырымында болған.

«Жол-көлік оқиғасының (жол бойында тұрған көлікті соққан) салдарынан тікелей қызметтік міндетін орындау кезінде «ҚазАвтоЖол» Қызылорда облыстық филиалының бас маманы Сақтапберген Бақытжанұлы Сыдықов қайтыс болды. Оқиға «Самара-Шымкент» автожолында Арал ауданы Сазды ауылы маңында қозғалыс қайта жанданған уақытта болған. Қатты жылдамдықпен келген Toyota Alphard көлігі жол бойында тоқтап тұрған көлікке соқтығысқан, сол уақытта автокөлік ішінде компания қызметкері жұмыс істеп отырған. Ол тілге келместен сол жерде жан тапсырды», - лінген хабарламада.

Марқұм Қызылорда облыстық филиалының бас маманы болып, компанияда 6 жылдан астам жұмыс істеп, өзін адал, кәсіби қызметкер ретінде танытқан.

Сақтапберген Сыдықовтың артында төрт баласы мен жары қалды. «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ марқұмның артында қалған отбасына компания тарапынан бүкіл қажетті қаржылық қолдау көрсетілетінін жеткізді.


13 ақпан, 14:09

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.