Атырау, 15 қаңтар 09:33
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -6
$ 510.43
€ 594.86
₽ 6.49

Қазақстанда мобильді аударымдарды тексеру мәселесі қайта қаралуы мүмкін

730 рет қаралды

Премьер-министрдің орынбасары – ұлттық экономика министрі Нұрлан Байбазаров мобильді аударымдарды бақылау мәселесі қайта қаралатынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Үкіметте өткен брифинг барысында Байбазаров бұл мәселе күрделі екенін айтты.

"Сондықтан мен бұл мәселені қайта қарауды тапсырамын, оны қаржы-экономикалық блок аясында қайта қараймыз. Тағы да механизмді, критерийлерді егжей-тегжейлі талқылаймыз. Бұл мәселеге қайта ораламыз", - деді шенеунік.

Еске салайық, 2022 жылғы наурыздан бастап "Төлемдер және аударымдар туралы" заң "мобильді төлем" ұғымымен толықтырылды, ол QR-кодты қолдана отырып, екінші деңгейдегі банктердің мобильді қосымшасы немесе POS-терминалдар арқылы қабылданатын қолма-қол ақшасыз төлем деп түсіндіріледі. Өзгерістер жеке мақсаттарда қолданылатын жеке тұлғалардың аударымдарына қатысты емес. Яғни, жеке тұлғалар, бұрынғыдай, өздерінің жеке мақсаттары үшін мобильді аударым жасай алады және қабылдай алады: туыстарына, достарына аударымдар, ата-аналар мен балаларға көмек, сондай-ақ басқа да өмірлік жағдайлар.

13 ақпан 2024, 11:36

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.