Атырау, 15 қаңтар 09:31
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -6
$ 510.43
€ 594.86
₽ 6.49

Мәди Тәкиев бюджетті игермеген министрліктерді атады

839 рет қаралды
Фото: primeminister.kz

Үкімет отырысында Қаржы министрі Мәди Тәкиев бюджеттің атқарылмауы мен игерілмеуі жайлы айтты, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

«Мемлекеттік бюджеттің шығыстары 96,9%-ке, республикалық бюджеттің шығыстары – 97,8%-ке, жергілікті бюджеттердің шығыстары 94,5%-ке атқарылды. Республикалық бюджет бойынша 1,5 трлн теңге сомасына шығыстар жүргізілді», - деді Тәкиев.

Ол атағандай, атқарылмаған бюджет 33 млрд теңгені құрады, оның ішінде 13 млрд теңгесі – үнемделгені.

«Игерілмегені – 20 млрд теңге. Ең көп игерілмеген сома Мәдениет және ақпарат, Экология және табиғи ресурстар, Ішкі істер, Қорғаныс министрліктерінде болған. Бюджетті игермеудің негізгі себептері: 663 млн теңгеге мемлекеттік сатып алу бойынша өткізілмеген конкурстар, конкурстық рәсімдер мен шарттар жасасу рәсімдерін ұзақ уақыт өткізу», - деді министр.

13 ақпан 2024, 11:05

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.