Атырау, 29 наурыз 12:01
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -10
$ 482.53
€ 555.44
₽ 5.92

Қазақстанда ҚҚС көтерілмейді - премьер-министр Бектенов

519 рет қаралды

Елімізде қосылған құн салығы (ҚҚС) өспейді. Бұл туралы Үкімет басшысы Олжас Бектенов айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

"Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша қосылған құн салығының ставкасы, яғни ҚҚС мөлшерлемес көтерілмейді. Бюджет кірістерінің басқа көздерін іздеп табуымыз керек", - деді Олжас Бектенов Үкімет отырысында.

Еске салайық, бұған дейін Үкіметтің кеңейтілген отырысында президент Қасым-Жомарт Тоқаев ҚҚС-ты 12 пайыздан 16 пайызға көтеру панацея емес екенін мәлімдеген еді.

13 ақпан 2024, 10:44

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.