Атырау, 25 қыркүйек 00:22
 бұлттыВ Атырау +17
$ 479.71
€ 533.77
₽ 5.16

Қаңтарда ел экономикасы 3,9%-ға өсті – министр

248 просмотра
фото: freepik.com

Ұлттық экономика министрі Нұрлан Байбазаров Үкімет отырысында елдегі экономикалық өсім жайлы айтты, деп хабарлайды Azattyq Ruhy тілшісі.

«Қаңтар айының қорытындысы бойынша Қазақстан экономикасының өсу қарқыны 3,9%-ті құрады. Оның ішінде нақты сектор – 3,8%-ке, ал қызмет көрсету саласы 3,5%-ке өсті. Салалар арасында ең жоғары өсімді құрылыс (12,8%-ке өсу), көлік және қоймалау (11,4%-ке), ақпарат және байланыс (10,6%-ке), сондай-ақ өңдеу өнеркәсібі (6,9%-ке) көрсетті. Негізгі капиталға салынған инвестициялардың өсу қарқыны 0,6%-ті құрады», - деді министр.

Байбазаров атағандай, инвестициялар ағыны білім беруде – 3,6 есеге, қаржы және сақтандыру қызметінде – 3 есеге, көлік және қоймалауда – 2,1 есеге, құрылыста – 2 есеге, ақпарат және байланыста – 20,9%-ке, сондай-ақ өңдеу өнеркәсібінде 15,8%-ке өсті.

«Өңірлер арасында ең жоғары өсім Жетісу (2,1 есе өсу), Ұлытау (52,3%-ке), Жамбыл (40,4%-ке) және Алматы (34,4%-ке) облыстарында байқалды. Алдын ала қорытынды бойынша 2023 жылы сыртқы сауда тауар айналымы 3,2%-ке өсіп, 140 млрд долларға жуықтады. Экспорт 79 млрд долларға жуықтап (7%-ке төмендеу), оның ішінде өңделген тауарлар экспорты 25 млрд-тан аса долларды құрады.Тауарлар импорты 61 млрд доллардан асты (20,1%-ке өсу). Жалпы, оң сауда балансы 18 млрд долларға жуық», - деді Байбазаров.

Министрдің айтуынша, өңдеу өнеркәсібінде оң өсу сақталып отыр. Өндіріс көлемі 6,9%-ке өсті.

«Көрсеткіштің өсуі 14 өңірде тіркелді. Соның ішінде ең жоғары өсуді Ақтөбе (34,7%-ке өсу), Шығыс Қазақстан (28,7%-ке), Қызылорда (22,1%-ке) және Абай (12,1%-ке) облыстары көрсетті», - деді ол.


13 ақпан, 10:07

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.